Оқиғалар

Өндірістік жарақат алу азаймай келеді

Жұмыс орындарында болатын оқыс жағдайлардың жиілігі мен зардап шеккендер саны жағынан біздің облыс Қарағандыдан кейін республикада екінші орында. Бұл туралы облыстық прокуратура мамандары мәлім етті.

Өндірістік жарақат алу азаймай келедіАйталық, 2012 жылы аймағымызда 281 өндірістік жарақат алу оқиғасы тіркелген. Мұның 25-і адам өліміне әкеліп соқтырса, 83-і ауыр жарақат алуға себеп болған.

Мамандардың айтуынша, оқыс жағдайлардың орын алуына негізінен өндіріс басшылығы мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау бойынша міндеттерді орындамауы, өндірістік және жұмыс тәртібін бұзуы, оқытудың жеткіліксіздігі, қондырғылардың ескіруі және басқа жайттар әсер еткен.

Қадағалаушы орган өкілдерінің тексеру нәтижесінде 13 заң бұзушылық жағдайын жоюға ұсыныс жасалса, әкімшілік жауапкершілікке 3 тұлға тартылған. 7 оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button