Оқиғалар

Мысықтарына азық табамын деп жауапқа тартылды

Мысықтарына азық табамын деп жауапқа тартылдыРиддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты жергілікті тұрғынға 173 мың теңге көлемінде айыппұл салды.

Бүгінде белгілі болғанындай, бұл азамат «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» аумағында жорға торғай мен шымшықтарды заңсыз аулағаны үшін жауапқа тартылып отыр. Ал айыпталушының өзі болса, ешқандай арам ойы болмағанын, құстарды үйіндегі қаптаған мысықтарына азық табу үшін ғана аулағанын айтып ақталуда.

Құстарды ұстау мақсатында қойылған тұзақтар «Көксі» кордонының маңайында арнайы ұйымдастырылған рейд барысында табылып отыр. Енді заңсыз іс-әрекет еткен риддерлік тұрғын қомақты айыппұл төлеп қана қоймай, аңшылық қару-жарақтарының барлығымен де қош айтыспақ.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button