Мәдениет

«МузАРТ» Шіліктіде концерт қойды

«МузАРТ» Шіліктіде концерт қойды

Зайсан ауданының Шілікті ауылында болып қайтқан «МузАРТ» вокалды-аспапты ансамблі ауыл жұртшылығына тамаша концерттік бағдарлама ұсынып, көңілдерін бір серпілтіп тастады.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған концерт барысында ансамбль елге кеңінен танылып үлгерген әндерімен қоса жаңа шығармаларын да орындады.
Концерттен кейін аудан әкімі А.Оңдақанов зайсандықтар атынан «МузАРТ-тықтарға» Шіліктіге арнайы атбасын бұрғандары үшін, сондай-ақ, Ж.Байырханов пен С.Тыштыбаевқа аудан жұртшылығына арнап, тамаша ән кешін ұйымдастыруға ұйтқы болғандары үшін рақмет айтып, ансамбль әншілеріне өзінің және аудандық мәслихаттың атынан алғыс хат пен гүл шоғын тапсырды, естелік сыйлықтар ұсынды.

Нұржан Кенжеұлы

Осы айдарда

Back to top button