Қоғам

МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУДІ ЕСКЕ САЛДЫ

Қала тұрғындарына 2021 жылға жеке тұлғалардан мүлік және жер салығын мерзімінде төлеу қажеттілігі облыстық мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жанар Айтжанованың қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Бас маман 2021 жылы облыстағы жалпыға бірдей декларациялаудың қорытындысы туралы айтты. Өткен жылдың бірінші кезеңінде 58 959, оның ішінде Абай облысы бойынша 28 451 мемлекеттік қызметші және оларға теңестірілген адамдар жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырыпты.   «Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны осы жылы қандай тұлғалар тапсыруға міндетті?» деген сауалға Жанар Айтжанова  былайша жауап берді. «Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары), мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) “Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”, “Сақтандыру қызметі туралы”, “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс етуге міндетті. Сондай-ақ егер салық декларациясы мерзімінде берілмесе, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 272-бабының 1-тармағы бойынша  онда салық органдары бірінші рет ескертумен шектеледі. Ескерту шығарылғаннан кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық орын алған жағдайда “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы”ҚР Кодексінің 272-бабының 2-тармағы бойынша он бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл бүгінгі күні 45 945 теңгені құрайды»,- деп атап өтті облыстық МКД түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы. Айта кетейік, 9 қыркүйектегі жағдай бойынша 51 040, оның ішінде Абай облысы бойынша 24 839 азамат өз міндеттерін орындап, декларация тапсырған. Төлемді мемлекеттік кірістер комитетінің e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (App Store және Play Market жүктеуге болады) немесе мобильді банктік қосымшалар арқылы жасауға болады.

Тұмар Смағұл

Осы айдарда

Back to top button