Мүшәйраға қатысуға шақырамыз
«Дидар» газетінің 85 жылдығы құрметіне облыс ақындарының жыр мүшәйрасы өткізіледі. Мүшәйраға қатысуға тілек білдірген әр ақын үш тақырыпқа – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына бір, «Дидар» газетіне арналған бір, еркін тақырыпқа арнаған бір өлеңін 2016 жылдың 10-қыркүйегіне дейін «Мүшәйраға» деп бүркеншік атпен редакцияға жолдауы керек. Өлеңдердің электронды нұсқасы қоса жіберілуі тиіс (didar@media-vko.kz) . Қосымша бөлек конвертпен автор жайындағы (аты-жөні, мекені, телефоны, суреті, қысқаша өмірдерегі) мәліметтерді, өлеңдерді пошта арқылы мына мекенжайға жіберу керек: 070003 Өскемен қаласы, Космос көшесі, 6/3. Хабарласу үшін телефон/факс: (87232) 75-19-03; 75-28-65). Мүшәйраға бұрын жарияланбаған өлеңдер ғана қабылданады.