Мәдениет

Мұражай қоры Исиндер отбасының жәдігерлерімен толықты

Мұражай қоры Исиндер отбасының жәдігерлерімен толықты

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қоры Исиндер отбасының алпыстан астам жәдігерлерімен толықты. Олардың қатарында ордендер мен мерекелік медальдар, құрмет грамоталары, мата бетіндегі портреттермен бірге Жаңылыс Сағитованың өз қолынан шыққан кимешек, алаша сынды т.б. бұйымдары бар.
Исиндер отбасы Больше-Нарым ауданының тумалары. Елге еңбегі сіңген, талай марапаттарға ие болған ұстаздар. Акит Исин 1937 жылдары әскери училищеге түсіп, одан әрі өз еркімен Ұлы Отан соғысына аттанып, 1944 жылы еліне 2-ші топтағы мүгедек болып оралады. Отан алдындағы еңбегі үшін екінші дәрежелі орден, медалдармен марапатталған.
1944 жылы 15-қаңтарда Акит Исин Жаңылыс Сағитовамен отау құрып, төрт қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіреді.
«Өнерлінің қолы – алтын» демекші. Жаңылыс апай өзі тұрған ауыл адамдарына тымақ, пальто, мектепке киетін көйлектер тіккен. Одан басқа да көптеген өз қолымен дайындаған үй ішін әсемдеуге арналған бұйымдары мен алашасы көз тартарлықтай.
1992 жылы облыстық архитектура-этнографиялық мұражайы Шығыс Қазақстан халық шығармашылығы мен қолөнер шеберлері ассоциясына қабылданғаны үшін Жаңылыс Сағитоваға куәлік берген.
Жәдігерлерді мұражайға А.Исиннің қызы Қымбат Исина тапсырды. Бұл материалдарды болашақта «Туған өлке», «Ұстаздар», «Этнография», «Қолөнер» тақырыптарына пайдаланып, көпшілік назарына ұсынбақпыз.

Назгүл Қапаева,
облыстық тарихи-өлкетану
мұражайының қор сақтаушысы

Осы айдарда

Back to top button