Сұраңыз

Мұрағаттық анықтамаларды қалай алуға болады?

 Мұрағаттық анықтамаларды  қалай алуға болады?

– Осыдан бірнеше жыл бұрын жекеменшік фирмада жұмыс істеп едім. Өкінішке қарай, жұмыс орным жабылып қалды. Сұрайын дегенім, енді мен зейнетақы және әлеуметтік аударылымдар, сондай-ақ, еңбекақы төлемдері туралы ақпаратты халыққа қызмет көрсету орталығынан ала аламын ба?

Досжан Мұхаметқалиев
Өскемен.

Сауалға «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Өскемен қаласының №3 бөлімінің реттеу залының басшысы Ернар Досаев жауап береді:
– Әрине, ала аласыз. Кез келген мұрағаттық құжатты Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Әрі қажетті мұрағаттық құжатты жүгінуден кейін 15 күн өткен соң алуға болады, құжатты тапсыру күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметке өтінішті ресімдеу кезінде өзімен бірге жеке куәліктің болуы жеткілікті (егер анықтаманы басқа тұлға үшін алатын болсаңыз, сенімхат). Электронды үкімет порталы арқылы анықтама алу үшін ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) қажет. Айта кететін жайт, жеке және заңды тұлғалар үшін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мұрағаттық құжаттарды алу – тегін.

Әзірлеген – Ажар Сағатбекова

Осы айдарда

Back to top button