Минскіден жеңіспен оралды
Облыстың жас жол қозғалысы отрядының командасы 50-республикалық слетте бірінші орынды иеленді.
23-27 мамыр аралығында Минскіде өткен мерейтойлық слет-конкурсқа Беларусь елінің облыстық және Минск қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Федерациясы командалары, барлығы 10-17 жас аралығындағы 68 бала қатысты.
Аталған конкурсқа Қазақстанның намысын қорғау үшін 2022 жылғы ЖЖҚИ республикалық слетінің жеңімпаздары – Өскемен қаласының жас инспекторлар жасағы аттанған болатын.
-Слет-конкурс барысында балалар оқу бағдарламасына қатысып, жол жүрісі қағидалары бойынша теориялық емтихан тапсырды, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетті. Балалар нақты жол қозғалысына ұқсас жағдайларда велосипед жүргізумен қатар, “Жолда” сюжеттік-рөлдік ойынында қазылар алқасына шығармашылық қырларынан танылып, өздерінің нағыз талант екендерін дәлелдей білді, – деді департаменттің баспасөз қызметінде.
Мерекенің соңы жеңімпаздарды марапаттаумен аяқталды.
Жалпы есептік қорытынды бойынша Өскемен қаласындағы “Aq jol” балалар-жасөспірімдер клубында оқитын жас жол инпекторлары бірінші жүлделі орынға ие болды.
Жеңімпаздар үйге сыйлықтармен, медальдармен, грамоталармен және жеңімпаз кубогымен оралды.
-Мұндай халықаралық жарыс балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық туралы білімдерін тексеріп қана қоймай, бір іске қызығушылық танытатын балаларды біріктіруге, достасуға мүмкіндік береді. Өз білімін іс жүзінде көрсете отырып, жолда құрдастарына деген жауапкершілікті алу жүктеледі. Мұның бәрі ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көп көмек береді. Тағы да барлығыңызды жеңіспен құттықтаймын!- деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нуриев.
Жас жол қозғалысы инспекторлары отрядтарының қызметі еліміздің әр түкпірінен келген талантты ұлдар мен қыздарды біріктіріп келеді, олардың үлгісі жолдардағы балалардың өмірін сақтауға көмектеседі.
Кәмал Естай