Оқиғалар

«Миллионер» ұры ұсталды

Ақпанның 21-і күні облыста 23 ұрлық әрекеті әшкереленсе, солардың ішіндегі ең ірісі Өскемен қаласында болыпты.

«Миллионер» ұры ұсталдыҚалалық ішкі істер басқармасы Үлбі полиция бөлімінің хабарлауынша, өскемендік жеке кәсіпкердің офистегі сейфін «кілтпен» ашқан ұрылар онда сақтаулы тұрған 1 200 000 теңгені қолды қылған.

Дереу іздестіру шараларын ұйымдастырған тәртіп сақшылары көп ұзамай бұрын тонаушылық әрекетімен сотталып шыққан 24 жасар азаматты анықтап, ұстайды. Ұрланған ақшаның бір бөлігі қайтарылды. Қазір Қылмыстық кодекстің 175-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button