Мәдениет

Мерейіміз үстем болды

Мерейіміз үстем болды


Фотография өнерінде өзінің қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген әріптесіміз Мерей Қайнарұлы облыстық байқаудан жүлделі орын алды.
«Бүкіл әлемнің шығысқазақстандықтары, бірігіңдер».
Бұл – біз айтып отырған фотобайқаудың ұраны. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында бір топ белсенді жерлестердің басы әлеуметтік желіде қосылды. Үш айға созылған конкурсқа облыстың түкпір-түкпірінен 30-дан астам үміткер қатысыпты.

Әлеуметтік желіде туған өлкеге деген сүйіспеншілікті насихаттап, өңірдің көрікті де киелі орындарын фотография тілімен әспеттеген суреткерлердің талабын әлеуметтік желі қолданушылардың патша көңілдері таразылады. Конкурс жарияланған күннен бастап-ақ «Facebook» «Инстаграм», «ВКонтакте» және «Одноклассники» желілерінде түрлі сападағы фотосуреттер қаптады. Көзі қарақты оқырман сол қаптаған қалың фотоның ішінен үш автордың салған суреттеріне белсене «лүпіл» басып жатты. Себебі, жеңімпаз «лүпілдердің» санымен анықталуы керек болатын.

Мерейіміз үстем болды

Нағыз маржанның лай тасқынның түбінен де көрінетіні сияқты әріптесіміз Мерей Қайнарұлының кәсіпқой деңгейде түсірілген фотолары оқырман тарапынан лайықты бағасын алып, «Ең үздік тау пейзажы» аталымымен екінші орынға ие болды.

Бірінші орын фотограф Алексей Мазницынға бұйырса, үшінші орын Жанна Сақпанованың еншісінде кетті.

Мерейіміз үстем болды

Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, дәл осындай ұранмен бейнебайқау да жарияланған екен. Оның қорытындысы кейін белгілі болмақ. Ал біз мерейімізді үстем еткен әріптесімізді – Мерей Қайнарұлын кезекті жүлдесімен құттықтаймыз.

Есімжан Нақтыбайұлы

Осы айдарда

Back to top button