Заңсыздық

Мемлекеттік сатып алу талаптарын бұзған

 Айна Ескенқызы 

Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін конкурстық құжаттамаларды ешбір негізсіз қабылдамаған. Енді бұл жауапсыз мамандардың іс-әрекеті мемлекеттік қызмет департаментінде қаралатын болады.

Лауазымды тұлғалардың бұл жүгенсіздігіне наразы болған кәсіпкер  ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке лауазымды тұлғаларға қатысты шара қолдану туралы өтініш жазған.

Анықталғандай, аталған бөлімнің қызметкерлері басшылық пен жауапты маманның жоқтығын сылтауратып, 800 млн теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін конкурстық құжаттаманы негізсіз қабылдамаған.

Департамент пен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін түсіндірме жұмыстарының негізінде кәсіпкердің құжаттары толықтай қабылданды.

-Аталған мәселенің қорытындысы  бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөліміне мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін өтінім беру кезеңінде кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермеу, оның ішінде конкурстық құжаттаманы қабылдау кезінде әуре-сарсаңға салу фактілерін болдырмау туралы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет департаментіне Өскемен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныс хаттар жолдады, – деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте.

Осы айдарда

Back to top button