ТОП

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі

Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту және әдеп нормаларын сақтау бойынша семинар өтті.

     Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тағайындалатын жаза түрлері және басқа да мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің этикасы – бұл, ең алдымен, қоғамның мемлекеттік қызметшіге деген моральдық талаптарын білдіретін этикалық қағидаттар мен нормаларды қамтитын мінез-құлық кодексі екендігі талқыланды. Әдеп кодексінің нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен іскерлік әдепті, ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға, мемлекеттік және Қазақстанның басқа тілдеріне құрметпен қарауға, қарапайым болуға, азаматтармен қарым-қатынаста жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге тиіс. Сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдаланған кезде мемлекеттік қызметші интернет желісінің басқа пайдаланушыларымен әңгімелесуде сыпайы қалыпты ұстануы, балағат сөздерді қолданбауы, өз парақшасында құпия және басқа да жабық ақпаратты жарияламауы, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.

Семинар қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл барлық мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексі нормаларының барлық талаптарын қатаң сақтауы тиіс екенін ескертті. Мемлекеттік қызметші – ұлт пен мемлекеттің бет-бейнесі, оның табысты жұмыс істеуінің кепілі екенін әрдайым есте ұстау қажет.

Ренат Набиев,ШҚО бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің

Әдеп жөніндегі уәкілі             

Осы айдарда

Back to top button