Оқиғалар

Қабырғасы қаланбаған мектептер де бар

Қар ерісімен Қабанбай ауылында тағы да қарбалас басталды. Айдынды Алакөлдің жағасын су шайып, жарқабақ тағы құлады.

Қабырғасы қаланбаған мектептер де барЖуырда Алакөл тағы да «мінез көрсетті». Жағалауды опырып аласұрған көлді облыс Әкімінің орынбасары Жомарт Мұратов пен аудан әкімі Бауыржан Жанақов та келіп көрді.

Жалпы, бұл апатты тоқтату мақсатында оны бекіту жұмыстары бұрын да жүргізіліп, әртүрлі себептерге байланысты тоқтап қалған болатын. Толқынның аптығын басу үшін екі-үш жерден шегендеуге арналған «қалқан» орнату қажет. Бұдан кейін жұмыс тобы Қабанбай, Қарабұта, Қайыңды, Егінсу, Жаңа тілек, Лайбұлақ және тағы басқа ауылдардағы басталған мектептердің құрылыс қарқынын барып көрді. Бұлардың көпшілігі әу баста бекітілген кестенің мерзімінен кешіктіріліп салынып жатыр. Бәрінен де құрылыс сапасына жете көңіл бөлінуі қажет. Үш-төрт айдан кейін жаңа оқу жылы басталады.

Ал салынып жатқан мектеп ғимараттарының кейбіреуі-нің енді ғана іргетасы қойылуда. Сонда құрылыстың қабырғасы қашан қаланбақ? Кесте мерзімінен қалмау үшін бұдан былай жан алып, жан беретін құрылысшылар сапасыз жұмыстарға жол беріп қоймай ма? Қалай болғанда да облыс Әкімінің орынбасары сұраныстың тегеуірінді болатынын қатаң ескертті.

Берікхан Тайжігіт
Үржар ауданы

Осы айдарда

Back to top button