Мектептің шағын бау-бақшасы жайқалып тұр
Қазіргі таңда мектептер оқу-білім берумен қатар, оқушыларды еңбекке де баулып жүр. Сондай үлгілі мектептердің бірі – Серебрянка қаласындағы №4 қазақ орта мектебі.
Мектеп жанындағы учаскеге түрлі көкөністер өсірген оқушылар күзде өнімді мектеп асханасына өткізеді, ал жаз маусымында сатылған жемістердің ақшасы асхана есепшісі қорына тапсырылады.
Жұмыстың бәрін ұйымдастырып отырған мектептің шаруашылық меңгерушісі – Гүлмира Сақпанова. Сондай-ақ, шағын мектеп бау-бақшасын күтіп-баптауға ата-аналар мен қаланың тұрғындары да қол ұшын созады екен. Ата-аналар тарапынан көмек қолын созған Тоқтасын Жаға-баев тыңайтқыш төгіп берсе, Назгүл Болысова ала жаздай тынбай еңбек етеді.
Тұрмыс жағдайлары төмен және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар жыл бойы тегін тамақтанады. Осының бәрі мектеп ұжымы мен балалардың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмек жасасақ деген ниеттерінен туындап отыр.
Зырян ауданы