Білім

Мектепке қабылдау аяқталды

Жаңа оқу жылының басталуына да аз уақыт қалды. Еліміздің оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, 1-сыныпқа құжат қабылдау науқаны аяқталды. Төрт айға созылған қабылдау мерзімінде 1-сыныпқа қабылдауға 400 мыңға жуық өтініш келіп түскен көрінеді. Олардың 80 пайызы электронды форматта келіп түсіпті.

1-сыныпқа құжат өткізгендердің 70 пайызы мемлекеттік тілде оқуға ниетті. Бірінші сынып оқушыларының ең көп саны Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында болса,  ал балаларды қазақ тілінде қамтудың жоғары көреткіші Қызылорда (89,6%)  Ұлытау (86,6%)  Маңғыстау (86,2%) және Жамбыл облыстары (804%) алғы қатарда. Министрлік енді мектептердің оқу-тәрбие үрдісін сапалы дайындауға және ұйымдастыруға, сынып жиынтықтарын қалыптастыруға кірісетінін айтады.

Мейрам Екпін

Осы айдарда

Back to top button