Білім

Мектеп оқушысы электрсіз жұмыс істейтін субұрқақ ойлап тапты

Жоба

Алтыншы сыныптың оқушысы Перизат Тұрсынова электр қуатынсыз жұмыс істейтін субұрқақ ойлап тауыпты. Мұндай тамаша туындыны болашақта қаланың саябақтары мен алаңдарынан көріп жатсаңыз таңғалмаңыз.

Бұл құрылғы өздігінен айналуы үшін механикамен жұмыс істеуге болады. Қазір мен оны қолмен айналдырамын, ал егер механика айналдырса, ол өзі жұмыс істейтін болады. Сондықтан болашақта мұндай субұрқақты орнатуға әбден болады, – дейді Перизат.

Ол субұрқақтың үлгісін әкесімен бірге жасап, дарынды оқушылардың үздік ғылыми жобаларын іріктеуге арналған дәстүрлі «Зерде» байқауының облыстық кезеңіне қатысқан. Нәтижесінде Перизаттың жобасы үздіктер қатарына енді.

Онлайн режимде өткен байқауда электрсіз жұмыс істейтін субұрқақпен қатар шағын жылыжай, электр генераторы және басқа да қызықты ғылыми жобалар қазылар алқасының назарын бірден аударды.

Айжанат Бақытқызы

Осы айдарда

Back to top button