Мәдениет

Мәдениет саласы тұрақты дамып келеді

Бородулиха ауданында мәдениет саласы тұрақты дамып келеді.

Бүгінде 33 нысанды қамтитын  мәдениет мекемелерінің желісіне бір аудандық және алты ауылдық Мәдениет үйінен, төрт ауылдық клуб, бір аудандық және 21 ауылдық кітапхана енеді. Бұдан бөлек, ауданда 300-ге жуық баланы қамтыған 23 шығармашылық үйірме жұмыс істейді. Жыл басынан бері ауданның мәдениет мекемелерінде 350-ден астам іс-шара өткізіліп, аудан халқы белсенді түрде жұмылдырылды.

Сонымен қатар үш елді мекендегі кітапханаларда заңгерлік және әдістемелік көмек көрсететін онлайн-орталықтар ашылды. Тілдерді оқыту орталығында оқу заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу кабинеттерінде жүргізіледі. 2021-2022 оқу жылында орталықтағы тыңдаушылардың жалпы саны 346 адамға жетіп, олар қазақ, ағылшын және неміс тілдерін үйренді.

Мәдениет нысандарын салу және жөндеу бағытында да бірқатар жұмыс атқарылды. Атап айтсақ, биыл Жезкенттің Метталург Мәдениет үйінің шатырына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Петропавловка және Зенковка ауылдарында спорт залы бар ауылдық клубтың құрылысын жүргізу жобалары қолға алынды.

Мәдениет нысандарының қысқы дайындығын дер уақытында жүргізген аудан басшылығы жылыту маусымын еш қиындықсыз бастады. Қазіргі уақытта көмір жеткізуші ұйымдармен келісімшарт жасасқан мәдениет ұйымдары, қыс маусымына сақадай сай.

Айзере Сұлтан

Осы айдарда

Back to top button