Мәдениет

Майемер атауы қалай шыққан?

Найман ішіндегі Сыбаннан шыққан Ақтайлақ бимен бір кезде өмір сүрген Жарылғас бидің немересі – Мая би Қаратай еліндегі абзал абыздардың бірі.

Майемер атауы қалай шыққан?Мая би және Қаратай елінің байы Есбол Құратайұлы мен батыры шеруші Жәнібек Шақабайұлы үшеуі 1750 жылдары елді бастап әкеліп, дәл осы қазіргі мекеніне қоныстандырған. Көші-қонмен жүдеп келе жатқан елдің малын Нарын бойынан бері өрлеп шығып, Майемер жазығының шетіне іліне бере қоналқаға түнемел жасайды. Кешке арып-шаршап келген малға таңертең өң бітіп, құлпырып сала бергенін байқаған Мая би:

– Аш-арығың тойынатын жер екен, өңшең семіз сойылатын жер екен, бір-ақ күнде шыр қонатын жер екен, көздеріне нұр қонатын жер екен, өріс күнде құлпыратын жер екен, жұмбағы мол, сыр тұнатын жер екен, мен осы араға «Майемер» деген атты лайық көріп тұрмын, бұдан былай жер аты «Майемер» болсын, – деген екен.

\”Қолшатыры басында, жан торсығы қасында, осыдан артық жерұйық бола ма\” дегенді де сол кісі айтыпты. Қолшатыры деп жұмбақтағаны – адам мен мал-жануарға сая болған орманы болса, жан торсығы – атқылап, таласып жатқан мөлдір сулы, мұздай ақ бұлақтар.

Бақытжан Келгембаева,
филология ғылымдарының кандидаты

Осы айдарда

Back to top button