ТОП

“Маска тағыңыз”

Облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері мен «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері еліміздің барлық аймақтарын қамтыған «Маска тағыңыз» акциясына қолдау көрсетті.

Іс-шара мақсаты – азаматтарға гигиена сақтаудың қажеттігін еске салу, бұл олардың өздерін және басқаларды инфекциядан қорғауға көмектеспек.

Белсенділер халыққа қорғаныш құралдарын қалай қолдану керектігін, бетперделерді, қолғаптар мен антисептиктерді мүмкіндігінше көбірек пайдаланудың тиімділігін түсіндірді.

– Пандемия кезінде адамдармен профилактикалық жұмыс ерекше маңызды. Медициналық ұсыныстарды түсіндіру отандастарымызға денсаулық мәселесінде неғұрлым сауатты болуға көмектеседі. Сондықтан осы акцияға қосылуды ұйғардық, өйткені өзгелерге көмектесу арқылы біз қоғамды біріктіреміз. Бірлік – вирусқа қарсы күрестің басты тетігі, – дейді «Жаңғыру жолы» облыстық штабының жетекшісі Равиль Юнусов.

Белсенділер карантиндік және жеке қорғаныш шараларын сақтау туралы ұрансөздерді қала көшелерінде граффити арқылы да бейнеледі. Оларда «Маска тағыңыз!», «Арақашықтықты сақтаңыз!», «Біз біргеміз!» деп жазылған.

 

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button