Оқиғалар

Малдың қырылуына жол бермеді

Малдың қырылуына жол бермедіОблыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 600 басқа жуық малды құтқарып қалды.

Мамандардың айтуынша, жақында құтқарушылар қызметіне Ұлан ауданындағы Сағыр ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығының жұмысшыларынан көмек көрсетуге байланысты өтініш түскен. Аяқ астынан көтерілген бұрқасын салдарынан мұндағы жолдарды қар басқан көрінеді. Яғни, шаруа қожалығындағы малға жемшөп жеткізу мүмкін болмай қалыпты.

Құтқарушылар бұл бағыттағы жолды ашу үшін алты сағаттай уақыт қалың қармен алысуға тура келгенін айтады. Абырой болғанда, көмекке келген төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жедел іс-қимылдары арқасында жем-шөп межелеген жерге уақтылы жеткізіліп, малдың қырылуына жол берілмеді. Екі күн ішінде шаруа қожалығы 4 тоннадай мал азығымен толықты. «Бұл жемшөп қоры көктемге дейін жетеді» дейді қожалық жұмысшылары.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button