Қоғам

Мал дәрігерлері бюджет есебінен оқытылады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов талапкерлерді жоғары оқу орындарында оқытуға арналған өңірлік бюджеттен бөлінетін гранттар санының өскенін хабарлады.

Биыл ауыл шаруашылығына баса назар аударылуда.

– Біз жылына 400 грант бөлуден бастағанбыз, биыл олардың саны 470-ке жетті. Түрлі ауылдардан келген 80 баланы ауыл шаруашылығы, оның ішінде ветеринар мамандығына оқытатын боламыз, – деді аймақ басшысы.

Ол бұл сала қазір басым екенін, гранттардың арқасында жастар  шын мәнінде қажетті мамандықтарды таңдап жатқанын атап өтті. Аймақ басшысы келер жылы ауыл шаруашылығы саласына грант бөлу жалғасатынын айтты.

Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button