Білім

Лондон мен Мәскеуде білімдерін тереңдетеді

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғылым, халықаралық байланыстар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің маманы Маржан Ысқақова мен білім беру бағдарламаларын интернационализациялау орталығының маманы Әлия Еркінқызы «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алатын болды.

Лондон мен Мәскеуде білімдерін тереңдетеді– Мен бала кезімнен мұғалім болуды армандап, сол мақсатымды орындау жолында талмай еңбек етіп келемін. Алдымен колледжге оқуға түстім, одан кейін институтта, магистратурада оқыдым. Енді, міне, мемлекет маған «Болашақ» арқылы шетелге баруға мүмкіндік берді, – дейді тәжірибеден өту үшін Мәскеуге аттанғалы отырған Маржан.

Ал Әлия алдағы бір жарым жылын Лондонда өткізеді. Алғашқы алты айда ол тілді меңгеруге ден қойса, қалған бір жылын магистратурада «Білім саласындағы басқару» мамандығы бойынша оқуға жұмсамақ.

Көптің уысына түсе бермейтін «Болашаққа» қол жеткізген қос маман елге оралған соң шет мемлекеттегі жинақтаған тәжірибелерін, білім-біліктерін отандық ғылым мен білім саласын өркендетуге сарп етпекші.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button