Білім

Өлкелер өзара тәжірибе алмасты

Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ Ресейдің Алтай өлкесіне жасаған ресми сапарында екі өңірдің әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынасын жандандыру мақсатында қол қойылған арнайы меморандумға сәйкес Семейдегі бизнес колледжінде форум өтті.

Өлкелер өзара тәжірибе алмастыБұл «Білім берудегі қызметтестік – халықаралық ықпалдастықтың стратегиялық жолы» атты халықаралық форум аясында екі елдің білім саласының мамандары өзара тәжірибе алмасты.

– Мұнда біздің және көрші елдің педагог мамандары өзара тәжірибе алмасуда. Алтай өлкесінен қосымша он оқу орны бұл форумға арнайы қонақ ретінде қатысуда, – дейді облыстық білім басқармасының бастығы Мәдениет Ахметова.

Басқосу барысында Барнаул қаласындағы арнаулы орта оқу орындары директорлар кеңесінің төрағасы В.Косинова халықаралық қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталып өтті.

Шара шеңберінде Семейдегі Рымбек Бәйсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде «Электронды колледж» бағдарламасының тұсаукесері өтті. Бағдарлама Әділет министрлігінде арнайы тіркеуден өтіп, еліміздің барлық орта арнаулы білім беру мекемелеріне таралуда.

Форум соңында Алтай ақпараттық технологиялар колледжі мен Семей қаржы-экономикалық колледжі өзара іскерлік қарым-қатынас турасындағы меморандумды бекітіп, алдағы уақытта өзара тәжірибе алмасу арқылы бірлесе жұмыс атқару туралы келісімге келді.

Раушан Нұғманбекова

Семей.

Осы айдарда

Back to top button