Қоғам

Әлемді дүрліктірген дағдарысқа тас түйін дайынбыз

Әлемді дүрліктірген дағдарысқа тас түйін дайынбыз

Ғаламдық экономикалық жүйе іргелі қайшылықтарға кезігіп тұрады. Соңғы жүзжылдықта әлем елдерісегіз үлкен дағдарысқа тап болыпты. Қазіргі кездегі дағдарыс – 2007-2009 жылдардағы қаржы дағдарысының заңды жалғасы.Соның салдарын бүгіндебүкіл дүниежүзінің жұрты сезініп отыр.

Қарыштап дамыған Қытайдың экономикасы да тұралады

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, нарық жүйесі орталықтандырылған реттеуге бағынбайды. Әлемдік экономиканың нақты секторымен салыстырғанда қаржы саласының тым озық дамуы, яғни «ақшаның өндіріске емес, қаржы нарығындағы алаяқтыққа» ауып кетуі дағдарыстың басты себебі болып табылады.Сондай-ақ, дамушы елдерде несиенің үстемеленуі қисапсыз қарыздарды реттеуге айтарлықтай қиындық келтіруде, ал бұл өз кезегінде қарыз алушылардың төлем қабілетсіз¬ді¬гін туындатып, банкроттық жағдай¬ға жеткі¬зуде.
Мамандардың айтуынша, биыл орын алуы ықтимал әлемдік дағ¬дарыс көлемі мен ұзақтығы жағынан бірегей әрі өткен дағ¬да¬рыстарға қарағанда айтарлықтай өзгеше болмақ. Біріншіден, ол халықаралық геосаясаттың шиеленісуімен ерекшеленеді. Екіншіден, мұ¬най бағасының төмендеуімен қатар,басқа да негізгі тауарлар мен ресурстардың құны арзандайды. Соңғы жеті айда Brent маркалы мұнайдың бағасы 60 пайызға төмендеді. Бұдан басқа, алтын мен түсті металдардың ба¬ғасы күрт құлдырап кетті. Яғни, біздің кәсіпорындар шығаратын өнімдерге деген сұраныс та кеміді.
Мамандардың болжамы бойынша, әлемдік экономика жақын арада барған сайын нашарламақ. Өйткені, әлемнің бірқатар ірі елінде жалпы ішкі өнім өсімінің қар¬қыны бәсеңдеді. Мұндай жағдай Жапония мен Бразилияда, Қытайда байқалды.2015 жы¬лы Еуропа одағы мен Ресейдің,Оңтүстік-Шығыс Азия елдерініңэкономикасын¬да тоқыраужалғасады деп болжануда.
Қазақстан стратегиялық зерттеулер ин¬ституты директорының бірінші орын¬¬басары Ләйла Мұзапарованың пікіріне қа¬рағанда, әлемдік қаржы дағдарысы таяу уақытта реттеле қоймайды. «Соның салда¬ры¬нан дамушы елдерде мемлекеттік қарыз мәселесі шиеленісуде, кей жағдайда оның көлемі жүздеген пайыз¬ға ұлғайып отыр» дейді ол.

Мұнайдың ғана емес, барша шикізаттың құны құлдырады

Жаһандықэкономикаэнергетикалықшикізаткөздерінетәуелді. Шикізаттыңнегізгісі – мұнай. «Қараалтын» былтырданберіқұнынтүсіріпалды. Өткенжылдың маусымайынанбастап мұнайбағасы құлдырап, осы саладағы компаниялардытығырыққатіреді.
Swift Worldwide Resources агенттігінің мәлімдеуінше, соңғы уақытта әлемдік энергетика саласында еңбеккерлерді қысқарту күрт белең алып,жұмыстан айырылған адамдардың саны 100 мыңнан асып жығылды. Британия, Аустралия, Бразилияжәнебасқабірқатарелдіңмұнай-газкомпанияларыжұмысшылардыкөптепқысқартабастады. Кейбір компаниялар жобаларын қыс¬қартып, жұмыстарын тоқ¬татуда. Petroleos Mexicanos компаниясы осы себептермен сегіз мыңға жуық жұмысшысын қысқартты. Солтүстік теңізде жұмыс істеп жатқан компаниялар да алдағы уақытта 11,5 мың адамды жұмыстанбосатуды жоспарлап отыр.
Қысқартулар тек мұнай саласында ғана емес, барлық өндіріс секторында да орын алуда. Мұнай бағасының төмендеуінен туындаған мұндай мультипликациялық эффект барлық салаларға таралған. Осының салдарынан дамыған елдердің өзінде миллиондаған адам жұмыстан қысқарып, нәпақасыз қалуда.
АҚШ-тажүргізілгензерттеулеркөрсетіпотырғанындай,қазірде кедейшіліктеөмірсүретіндердіңсаны2008 жылғықаржыдағдарысыкезеңінедейінгімөлшерденекіесекөбейіпкетіпті. Тапқанытамағынажетпейтінотбасыларбалаларынақоректауыпберуүшіназық-түлікбанкілерінебарады. Мақтаулы Америкада 16 миллионнан астам бала тоя тамақ ішпейді екен. 2008 жылғы қаржы дағдарысына дейін олардың саны тоғыз миллион деңгейінде болатын.
Ал Еуропаның ең дамыған елдерінің бірі – Аустрияда ресми тіркелген жұмыссыздар саны 406 мың адамнан асты. Бұл былтырғыға қарағанда 36,5 мыңға көп. Осылайша, ұзын саны 8,5 миллион халқы бар елде 406 мыңнан астам тұрғын тұрақты кәсіпке мұқтаж. Сарапшылардың айтуынша, егер еуропалық экономика құлдырауын тоқтатпаса, онда жұмыс күшіне деген сұраныс кеміп, еңбек нарығындағы жағдай одан сайын ушыға түспек.
Дағдарыс ызғары Германияның да «бойын» тітіркендіре бастаған. Неміс халқы мақтан ететін ірі құрылымдардың бірі Siemens концерні қаржылық қиындықтарға байланысты қызметкерлерін жаппай қысқартатыны жайында ашық мәлімдеді. Бүгінде жұмыстан босату жөніндегі хабарлама компания арқасында нәпақа тауып келген 7 800 адамға таратылып берілген.
Мамандар «дағдарыс ұзаққа созылады» дейді, бар гәп осында, яғни,оның нақты қанша жылға созылатынын ешкім дөп басып айта алмайды.
–Өкінішке қарай, бұл сұрақпен бас қатырғандар кемде-кем. Қазіргі дағдарыс ағзаны тез меңдеп, әлсірете түсетін қатерлі ісік сияқты. Дерттен құлан-таза айығу үшін емдеуді тез қолға алу қажет. Жалпы ережелерді өзгерте отырып, әрекет ететін кез жетті, – дейдішетелдік сарапшы Лоренцо Карраско.

«Нұрлы Жол» – жаһандық қиындықты еңсеруге арналған бағдарлама

Былтыр әлемдегі дағдарысқа қарамай, Қазақстанның экономикасы төрт пайыздан артыққа өсті. Қазір дүниежүзілік экономика қиын-қыстау жағдайға тап болып отыр. Бұл әлем халықтарының ажырамас бөлігі ретінде Қазақстанға да ықпалын тигізеді.
Елбасының айтуынша, Қазақстан ішінде экономикалық дағдарыс жоқ. Өйткені, дағдарыстың әсерін болдырмаудың, яғни, алдын алудың шаралары жедел түрде жасалды. Сондықтан да қазіргі экономикалық саясатымыздың бағыты дұрыс. Келеңсіздіктер – сыртқы нарықтың әсері. Мемлекетіміз қиындықтарды күтіп қарап отырмай, оның алдын алу үшін жедел шараларды қолға алды. Ерте қамданған еліміздің сын сағатта ұтылмасы анық.

Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҮкімет пен өзге де құзырлы органдарға нақты тапсырма берді. Басты мақсат – әлемді тығырыққа тіреген экономикалық дағдарыстың Қазақстанға кері әсер етпеуі, қиындықтардың алдын алу, жұмыссыздықпен күрес, отандық өнім өндіру қарқынын арттыру, әлеуметтік жобаларды жедел жүзеге асыру, теңгенің тұрақтылығын сақтау.
Бүгінде «Нұрлы Жол» бағдарламасының биылға жоспарланған барлық жобалары бас¬талу сәтіне дайын. Бұл мақ¬саттарға Ұлттық қордан шамамен 500 миллиард теңге бөлінді. Қаражат өңірлерге наурыз айында жөнелтілмек. Ал сәуірде жүзеге асыру шаралары басталады. Бірінші кезекте негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр. Оның ішінде Астана – Өскемен және Алматы – Өскемен күрежолдарының құрылысы да бар.
Елбасы баса назар аударып отырған тағы бір мәселе – кәсіпорындардың өндіріс көлемі төмендесе де, жұмыс орындарын сақтау. «Адам үшін ең бастысы – өзінің жұмыс орнын сақтау. Мен мұны бұрынғы жұмысшы ретінде айтып отырмын. Нәпақа табу үшін оны өзінің ерікті түрдегі келісімімен басқа жаққа жіберуге болады. Ондай жағдайда еш мәселе жоқ. Адам үшін, оның отбасы үшін бұл барынша маңызды» деді Елбасы.
Соңғы кездері Ресейге салынған санкциялар салдарынан көршілес елдің экономикалық-қаржылық ахуалы күрт нашарлады. Әлбетте, мұның Қазақстанға да кері әсері тиері анық. Елбасы отандық тауарларды барынша көптеп өндіруге, барлық қазақстандықтарды өз өнімдеріміздісатып алуға шақыруда.
– Азаттықтың алғашқы жылдарындағы қиындықтарды еске алыңыздар. Азия дағдарысынан, тіпті, дүниежүзілік дағдарыстан да табысты өттік. Экономикасы кемімеген санаулы елдердің қатарында болдық. Сол күндердің өзінде бойға қуат, ойға сенім орнаттық.Қазір де қолға алған шаралар, нақты жоба-жоспарларымыз бар, – деген Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ жұрттың алаңдауына негіз жоқ екендігін айтады. Өйткені, экономикалық тұрақтылығымыз мығым, Ұлттық қордағы қаражат кез келген қиындыққа төтеп беруге сеп.
Әлбетте, қаржыгерлердің айтуынша, дағдарыстар мәңгілік емес. Әрбір дағдарыстан соң экономикада өрлеу пайда болатыны заңдылық. Дегенмен, еліміздің әлемдік нарықтағы шикізат құнына тәуелділігінен біржолата арылғаны жөн. Өйткені, алдағы уақытта да мұнайдың және металдардың бағасы ауытқитын болады. Сондықтан экспортқа дайын тауар шығарған әлдеқайда тиімді. Бұл бағытта мемлекет тарапынан ауқымды әрі жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы нақ осы шикізатқа деген тәуелділіктен құтылып, сыртқа өзіндік құны барынша жоғары өнім шығаруды көздейді. Сол кезде еліміз дүниежүзілік дағдарыстарға мойымай, тұрақты түрде өсіп-өркендей беретін болады.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button