Оқиғалар

Үлбі көпірінің астындағы жол жабылуы мүмкін

Өскемендегі Үлбі көпірінің астынан салынған жол айырығы өзеннің суы шекті мөлшерден асып кеткен жағдайда уақытша жабылмақ. Бүгінде мамандар судың деңгейін қалт жібермей қадағалауда.

Үлбі көпірінің астындағы жол жабылуы мүмкінӘзірге ауа райының салқындығы қардың қарқынды еруіне мүмкіндік бермей тұр. Соған орай Үлбі де қалыпты арнасымен ағуда. Алайда қыстай жауған қалың қарды, оған қоса сәуірдің ортасына қарай күннің күрт жылыну ықтималдығын ескерген мамандар тасқынның қаупі әлі сейілмегенін айтуда. Мұндай жағдайда аталмыш көпірдің астындағы екі жол айырығында да көліктердің қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button