Білім

Ұлағатты ұстаздың зертханасы ашылды

Ұлағатты ұстаздың зертханасы ашылдыКөкпекті ауылында белгілі ұстаз Қанипа Бітібаеваның зертханасы ашылды.

Аудан мектептерінің директорлары мен әдебиет пәні мұғалімдері қатысқан салтанатта сөйлеген облыстық білім басқармасының бастығы Мәдениет Ахметова бұл аймағымызда алғаш ашылып отырған зертхана екенін атап өтті.

– Мен бала махаббатынан, оқушы сүйіспеншілігінен артық бақыт пен қуанышты сезінген емеспін. Пәннің бәрі жақсы, ал жақсы пәнді жағымды ету – нағыз мұғалімнің ғана қолынан келетін іс. Мен бүгін педагогикадағы 45 жылдығымды атап өтейін деп жүргенім жоқ. Бүгінгідей зертхана ашып жатқан мектепті қолдап, барыммен бөлісу – маған міндет, алған нәрсені ұқсатып, игілікке қолдану – сендерге аманат, – деді салтанатта Қанипа Омарғалиқызы.

Содан соң академик-ұстаз әдебиетті оқытудың небір тың бағдарламасын жасап, әдістемесін жазған 40-қа жуық кітабының біразын аудандық оқу бөліміне тарту етті.

Қайрат Мәлғаждаров

Көкпекті ауданы.

Осы айдарда

Back to top button