Мәдениет

Курчатовтықтар құттықтап келіп, концерт қойды

Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ана тілін, салт-дәстүрді, халықтар мәдениетін жаңғырту, Қазақстан жастарын патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында еліміздегі алғашқы Достық үйі 1992 жылы Өскемен қаласында ашылған болатын. Бүгінде шаһардағы Достық үйінің құрылғанына 20 жыл толып отыр.

Курчатовтықтар құттықтап келіп, концерт қойдыОсы мерейтойға орай бірінші болып құттықтауға Курчатов қаласы Достық үйінің бір топ шығармашы-лық ұжымы Өскеменге келіп, арнайы концерт беріп қайтты.

Концертте Курчатовтағы ұлттық ядролық орталықтың құрылғанына биыл 20 жыл, қала іргетасының қаланғандығына 65 жыл толғандығын ерекше атап, өз қуаныштарымен бөлісті облыс орталығына келген курчатовтықтар.

Бұл концерт облыстық Достық үйінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шаралардың бастауы болмақ. Кейін өзге де аудандар өнерпаздары қалыспай облыс орталығындағы Достық үйі ұжымы-на құттықтау концерттерін ұсынатын болды.

Мерекелік шарада сөз алған Курчатов қаласының әкімі Александр Генрих:

– Барша курчатовтықтардың үлкен сәлемін жеткізе отырып, сіздерді бүгінгі қуанышты 20 жылдық мерей-тойларыңызбен құттықтаймын. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын Қа-зақстан атты үйімізде әрдайым бе-реке, бірлік, татулық болсын, – деп тілегін білдірген әкім сөз соңында облыстық Достық үйіне естелік сыйлық тапсырды.

Концертке жиналған қауым Курчатовтағы Достық үйінің өнерпазда-ры Мұрат Мұсаның орындауындағы терме, Нұркен Ахметовтің орындауында «Шернияздың күйін», Ахмет Ерқанаттың орындауында «Сегіз аяқ», ел арасында жиі орындалып жүрген «Қазақтай ел қайда», «Ағажай Алтай», «Ағайындар» сынды әуезді әндерін, мың бұралған «Фантазия» бишілер тобының билерін де тамашалады.

– Бүгінгі достық үйлерінің мәні – ұлтаралық қатынасты қалыптастыру, екіншіден, әрбір ұлт өзінің дәстүрін насихаттап, талантты жандарға өнер жолына түсу мүмкіндігін береді. Қала әкімінің бастамасымен ашылған Достық үйіне бүгінде 9 ай толды, – деді Курчатовтағы Достық үйінің директоры Шахмұрат Төлеутаев.

Облыстық Достық үйінің дирек-торы Эльдар Төлеубеков концерт соңында Шахмұрат Төлеутаевқа об-лыстық Достық үйінің этномәдени орталығы атынан алғыс хат табыстады.

Қазіргі таңда облыстық Достық үйінде 20 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты мен ғылыми-сараптамалық кеңесі де құрылған. Әртүрлі халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы және тарихи мәдениетін дамыту үшін алдыңғы қа-тарлы ғалымдар Достық үйінде дәріс береді. Мұның өзін 20 жылдық тарихы бар облыстық Достық үйінің игілікті ісі деуге болады.

Меруерт Молдағалиева

Осы айдарда

Back to top button