Заңсыздық
Құрамында 3,5 тоннадан астам алкоголь бар ерітінді тәркіленді – ШҚО
Өскемен полиция басқармасының Ертіс полиция бөлімінің полицейлері заңсыз өнімді тасымалдау фактісін анықтады.
26 маусымда Өскеменде полиция қызметкерлері тоқтатқан “Hyundai” маркалы шағын автобусынан құрамында алкоголь бар сұйықтықпен толтырылған 739 пластикалық бөтелке табылған, деп хабарлайды Didar ақпарат.
ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі 26 маусымда 41 жастағы қала тұрғынын құрықтағанын мәлімдеді. Тексеріс барысында аталмыш азаматтың көлігінен еш ққұжаты жоқ заңсыз алькаголь ерітіндісі табылған.
Ынтымақ Толқын