Ұлттық рухани жаңғыру

Күршім жерінен ерекше жәдігер табылды

Облысымыздың аумағында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археолог Зейнолла Самашевтың тобы кезекті рет ғылыми жаңалық ашты. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов Инстаграм желісіндегі парақшасы арқылы мәлім етті.  

«Ғалымдар Күршім ауданындағы обаны қазу барысында ат әбзеліне арналған алтын әшекейлерді тапты. Жылқының сақ тайпасынан шыққан патшаға тиесілі болғаны анықталып отыр. Бұлар – ерекше әдемі әшекейлер. Өкінішке қарай, қорғанның өзі тоналған, бірақ екі жасырын орны сақталған екен. Сондай-ақ алғаш рет металл үзеңгі табылды, онда барыспен аң аулау сәті бейнеленген. Аталған жәдігерлер мұражайға қойылды», – деп жазды аймақ басшысы.

Сонымен қатар археологтар музыкант-жауынгердің кескін-келбетін және ежелгі музыкалық аспаптарды қалпына келтірді, олар Елеке сазы алқабындағы қорғандардың бірінен табылған болатын. Алдағы уақытта ұлттық аспаптардың қас шеберлері өңірімізге шақырылады, олар домбыра «атасының» көшірмесін жасап, үнін шығаруы тиіс.

Қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Ал қыркүйек айында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық форумы өтпек, өйткені Шығыс Қазақстанның байырғы тарихы мен археологиясы әлемнің озық ғалымдарын таңғалдырып, тәнті етуде.

Ержан Кеңесұлы

 

 

Осы айдарда

Back to top button