Табиғат терезесі
Күміс қоңыраудай сыңғырлайды
Сурет “Экспресс К” сайтынан алынды
Шыңғыстаудан ерекше қойтастар табылды. Ерекшелігі сол, соққы тисе, күміс қоңыраудай сыңғырлай жөнеледі. Бұл туралы «Экспресс К» сайты хабарлады.
– Абай ауданы Кеңгірбай би ауылы «Жиренше» шаруа қожалығында тұрмыз. Елдің бәрі сұрап жүрген қоңыраутас, міне, Шыңғыстаудың етегінде жатыр. Мына тастардың арасындағы екеуін таспен қағып көрсеңіз, сыңғыр-сыңғыр етеді, – дейді ғажайып құбылысты ұялы телефонына түсіріп алған белгісіз адам.
Ол видеода тастарды қағып, керемет үнін тыңдатады. Әлбетте, табиғаттың бұл тамашасын көру керек.