Білім

Кәсіптік білім беруге мән беріледі

Кәсіптік білім беруге мән беріледі


Кәсіптік-техникалық білім берудің үлгісін көрсетіп жүрген колледждердің бірі – Аягөздегі политехникалық колледжі. Колледж директоры – Берікжан Дюсегулов. Алғашында колледж 2006 жылы Өскемен қаласының политехникалық колледжінің филиалы ретінде ашылса, 2009 жылы «Аягөз қаласының политехникалық колледжі» КМҚК болып қалыптасты.

Бүгінгі күні колледжде 500-ге жуық студент кәсіби білігін шыңдап жүр. 2016 жылы колледж өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Соған орай «Техникалық және кәсіптік білімнің Қазақстан дамуына қосқан үлесі: сапа, жетістік, болашағы» тақырыбында республикалық конференция өткізілді. Конференция аясында колледждің арнайы пәндер оқытушылары – Дрия Тұмабаева «Менеджментте шешім қабылдау» тақырыбында ашық сабақтан тыс іс-шара өткізсе, Әсел Майтайбаева «Автотіркегіш құрылғысының қолданылуы, құрылысы және жіктелуі» тақырыбында үлгілі ашық сабақ өткізді. Колледждің жеткен жетістіктері де аз емес. З.Оспанова, Ж.Дюсегулова, Г.Дюсенбаева ҚР Білім және Ғылым Министрінің алғыс хатын иеленсе, Б.Дюсегулов, Ж.Хамзаева, К.Кәрменов, Ж.Тұрлыбеков, Б.Айтмұхамбетова, Э.Бозекенова, Г.Дюсенбаева, Т.Дюсенбаева, А.Ахмадиева облыстық білім басқармасының Алғыс хатын алды. Аудан көлемінде Т.Қасенова, А.Омаров бірнеше мәрте аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Алғыс хаттарын иеленді. Колледж студенттері облыстық, аудандық, халықаралық деңгейдегі олимпиада, конференция, сайыстардың жеңімпаздары болды. Биылғы оқу жылында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша колледж елді мекендерден 149 адамды оқытып шықты.

Колледжде бүгінгі таңда 71 қызметкер қызмет істейді, оның 52-сі оқытушылар. Оқытушылардың біліктілігін арттыруға ерекше мн беріледі. Студенттерді жұмысқа орналастыру деңгейін көтеру мақсатында қосымша жұмысшы мамандықтар оқытылады. Олар ЭЕМ операторы, теміржол слесарі, электромонтер, модельер-пішуші газ бен электр дәнекерлеуші, және тағы басқа мамандықтар. Кез келген білім ордасының жұмыс нәтижесі студенттерінің жұмысқа орналасуымен өлшенеді. Студенттердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 80-85% аралығын құрайды. Бұл өте жақсы көрсеткіш.

Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы

Осы айдарда

Back to top button