Аймақтар аухалыТәуелсіздік - 30
Көшелерге ардагерлердің есімі берілді
Хасен ЗӘКӘРИЯ
Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыөлең ауылдық округіне қарасты Барақ батыр және Бірлік ауылдарындағы көшелерге жаңа қазақша атаулар берілді.
Мәселен, Барақ батыр ауылындағы Степная көшесі бұдан былай Ұлы Отан соғысының ардагері Қамза Сұраужановтың есімімен аталатын болады. Ал бұрынғы Школьная көшесіне Ауған соғысының ардагері, интернационалист-жауынгер Серік Лұқпановтың есімі берілді.
Сондай-ақ Бірлік ауылындағы Комаров көшесі ендігі жерде Ауғанстандағы соғыста міндетті борышын өтеп жүріп қаза тапқан интернационалист-жауынгер Бәделбек Рысбаевтың атымен аталатын болды.
Осы көшелердегі үйлердің қабырғаларына тиісінше жаңа есімдер жазылған тақтайшалар бекітілді.
Күршім ауданы.