Комсомол аралындағы футбол алаңы тегін бе?
Қала тұрғындарынан комсомол аралындағы футбол алаңына шағым түскен.
Айтуларынша, аралдың күзетшілері доп тебуге келген балаларға алаңды жалға беретін көрінеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.
-Балалар Комсомол аралына футбол ойнау үшін барады. Ал күзетшілер әр жолы олардан сағатына 5-10 мың теңге арасында ақы алады. Бұл заңды ма? — деп жазды қала тұрғыны әлеуметтік желілерде.
Бұл футбол алаңы “Самғау “мәдени қызмет пен бұқаралық спортты дамыту орталығы” КМҚК меншігінде.
-Объектіде ведомстводан тыс күзет бар. Таңғы 7:00-ден 18:00-ге дейін футбол алаңына халық тегін барады. Ал 18: 00-ден 7:00-ге дейін ешкімді кіргізбейді. Күзетшілер тарапынан ақы алу фактісі бойынша іс жүргізілуде, -деп мәлімдеді “Самғау “мәдени қызмет пен бұқаралық спортты дамыту орталығы” КМҚК.
Ынтымақ Толқын