Оқиғалар

Комбинатта жарылыс болып, 8 адам зардап шекті

Семейдің ұн тарту комбинатында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылыс болып, соңы өртке ұласты. Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті.

Комбинатта жарылыс болып, 8 адам зардап шектіТөтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасаған облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат болған жерге өрт сөндіру қызметінің және өкілетті органдардың өкілдері, прокуратура қызметкерлері жедел жеткен.

– Қазір жарылыстың қалай болғандығы анықталуда. Белгілісі таңғы сағат 9 шамасында «Востокцемремонт» ЖШС мекемесінің сегіз қызметкері астық өнімдерін өндіретін элеватордың төртінші қабатында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Осы уақытта астық шаңы мен қалдық астықтан газды қоспа бөлінген. Соның салдарынан жөндеу жұмыстары жүргізілген бөлікте жарылыс болған, – дейді Семей қаласы прокурорының орынбасары Марат Тұрабаев.

Төрт адам жансақтау бөлімінде өте ауыр халде жатыр, олардың денелерін 10 пайыздан 70 пайызға дейін күйік шалған. Зардап шеккендердің барлығына өтемақы толықтай төленеді. Бүгінде аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button