Білім

Колледж түлектерін жұмысқа тартады

 Үлкен Нарын ауылындағы  агротехникалық колледж студенттері ауылшаруашылық құрылымдары саласының өкілдерімен кездесті.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары және ауылдық округ әкімдері студенттердің тұрмыстық жағдайларымен және агроколледждің оқу кабинеттерімен танысты. Оқу сыныптары бойынша жарты сағаттық экскурсия барысында олар болашақ ветеринарлардың, аспаздардың, тракторист-машинистердің практикалық сабақтарына қатысты. Кездесу  агроколледждің акт залында өткен арнайы жиынмен жалғасты. Аудан әкімі Ренат Құрманбаев бұл ауыл үшін кадрлар даярлайтын жалғыз оқу орны екенін атап өтті.

–Бүгін осы мекемеге кезінде өздері оқыған ірі шаруашылықтардың басшылары шақырылды. Тіпті олардың балалары да студент болды. Сондықтан  біздің ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары түлектерді өз шаруашылықтарында жұмысқа орналастыруға,  оларға лайықты еңбек ақысымен тиісті жағдай жасауға  дайын, -деп атап өтті аудан басшысы.

Аудан тұрғындары  соңғы кезде  облыс қалаларына және одан тыс жерлерге жиі қоныс аударуда . Сондықтан ауданда жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту басты мәселенің бірі болып тұр.

Жиында сөз алған аудандық мәслихаттың  хатшысы Дүйсен Бралинов, агроколледж директоры Съезд Құдабаев, ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагерлері Шынар Қоңырова мен Қадылбек Сапарғалиев та  бүгінгі іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, өз ұсыныстарын  айтты.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Болат Қанапин өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы оң өзгерістерді  атап өтті. Оның айтуынша, аудан бойынша дәнді дақылдардың жалпы түсімі 36,6 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың тоннаға артық, оның өнімділігі гектардан 20,7 центнерді құрады. Өнімділіктің өсуіне тауар өндірушілердің тыңайтқыштарды, жоғары сапалы тұқымдарды жүйелі түрде қолдануы және жаңа технологиялық техниканы пайдалануы  әсер етті.

Катонқарағай ауданы қымыз өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Бүгінде ауданның 60-қа жуық  шаруа қожалығы жыл сайын 400 тоннадан астам  қымыз өндірумен айналысады. Сондай-ақ Болат Жабашқанұлы марал шаруашылығы мен омарта шаруашылығының бірегей саласының дамуы туралы айта келе, олар өз жетістіктерін биылғы жылы да Нұр-Сұлтан, Алматы және Өскемен қалаларындағы дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде көрсеткенін атап өтті.

Іс-шара соңында ауданның агроөнеркәсіп кешенінің үздік қызметкерлері Алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталды. Ал ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан  зор үлесі үшін  «Үміт» шаруа қожалығының комбайншысы  Лашын  Мамуканов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды.

Тұрсынқан Базарбаев

Катонқарағай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button