Спорт

Колледж барысы анықталды

Айжанат БАҚЫТҚЫЗЫ

Өскеменде облыстық білім басқармасы өңір колледждерінің студенттері арасында қазақ күресінен дәстүрлі «Колледж Барысы – 2022» облыстық жарысын өткізді.

Сайыс Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде ұйымдастырылды.

–Жарыстың мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал ете отырып кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары арасындағы достық байланысты нығайту. Мұндай жарыстар жастарға жақсы тәлім-тәрбие береді, – дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Гүлмира Ілиясова.

Жарысқа облыстың он колледжінен 16 спортшы қатысты. Балуандар 70 және 90 келі салмақта күш сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша 70 келі салмақта бірінші орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Еркінбек Нұржол, екінші орынды Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жоғары колледжінің студенті Ұлан Демеубеков, үшінші орынды Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжінің студенті Нұрдәулет Ержанұлы иеленді. Ал   90 келі салмақта бірінші орын  Өскемен жоғары медицина колледжінің студенті Асанәлі Арманұлына бұйырса, екінші және үшінші орындарды  Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері Бахатбек Батбаяр мен Ринат Мырзабек жеңіп алды.

    

 

 

Осы айдарда

Back to top button