Туризм

КӨЛІК АЛҒАНҒА ДА СУБСИДИЯ БЕРІЛЕДІ

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасындағы еліміздің алты мәдени-туристік кластерінің бірі «Алтайдың інжу-маржаны» аталатын Риддер қаласы мен Батыс-Алтай мемлекеттік қорығы.

Тек Риддер жақта ғана емес, кез келген өңірі туризмге сұранып тұрған шығыста жанға жайлы демалыс сыйлайтындай түрлі-түрлі туристік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Демалыс үйлерін ашып, туристік қызмет көрсетумен айналысып жатқандарға мемлекеттен қаржылай көмек, субсидия беріліп жатыр.

– Қазіргі күні мемлекет туризмді дамыту үшін бизнеске туризм саласынан алты бірдей нақты мемлекеттік қолдау көрсетіп отыр. Олар: шетелдік туристі қабылдаушы туроператорлардың әрбір шетелдік туристке кеткен шығынын субсидиялау, туристік нысандарды жаңғыртуға және салуға кеткен шығындарды субсидиялау, ішкі әуе маршруттары бойынша балалар билетінің («Kids go free») құнын қайтарып беру, тау шаңғысы құрал-жабдықтарын сатып алуға кеткен шығындарды қайтару, туристік мақсаттағы көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығынды қайтару, жол бойында сервистік қызмет көрсететін нысандарды салуға кеткен шығындарды қайтару, санитарлық гигиеналық тораптарды күтіп ұстауға кеткен шығындарды ай сайын субсидиялау түріндегі қаржылай қолдаулар, – дейді кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризм бөлімінің бас маманы Әлімжан Дайырбаев.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button