Құттықтау

Қоғамның болашағы – әйелдердің қолында

Құрметті шығысқазақстандықтар! Қадірменді жерлестер!

Көктемнің көрікті де шуақты мерекесі қарсаңында барлық аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Бұл мейрам – баршаңызға – аяулы әжелер мен аналарға, жұбайларға, әпке-қарындастарға, әріптестер мен достарға деген ризашылық сезімді тағы бір мәрте білдірудің тамаша мүмкіндігі. Бүгінгі таңда біздің әйелдер отбасының ұйытқысы, ошағының иесі болып ғана қоймай, сонымен қатар экономика, бизнес, мәдениет пен спорт сияқты сан салада қызмет етіп, қарым-қабілеттерін көрсетіп жүр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда әйелдерге арнап квоталар енгізуі бекер емес. Әйелдердің даналығы, мейірімі мен жанашырлығы арқасында өңірімізді дамытуға бағытталған маңызды идеялар мен әлеуметтік жобалар табысты іске асып жатыр.

Біздің қоғамның болашағы – әйелдердің қолында. Сіздер жас ұрпақты адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеп, игі істері мен ізгілікті әрекеттерге бағыттап келесіздер. Біз жан жылуы мен мейірім шапағатын сіздерден аламыз. Гүлдердің хош иісіне толы бұл тамаша мереке сіздерге қуаныш пен бақыт сыйласын, күллі арман-тілектеріңіз орындалсын.

Барлық қыз-келіншектерге мықты денсаулық, баянды бақыт, көтеріңкі көңіл-күй, әр отбасына бақ-береке, шынайы махаббат тілеймін. Мереке құтты болсын!

Даниал Ахметов,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Back to top button