Құттықтау

Еңбегі ерен, өмірі өнегелі жандарға мың алғыс

Құрметті шығысқазақстандықтар!

Қадірлі жерлестер!

Елімізде жеті жылдан бері 1 наурызда Алғыс айту күнін атап өтіп келеміз. Бұл мерейлі күнде біз еңбегі ерен, өмірі өнегеге толы жандарға алғыс айтамыз, ризашылық білдіреміз. Олар – ар-ұятты, намыс пен Отанға деген адалдықты бәрінен биік қоя білген біздің ұстаздарымыз бен дәрігерлеріміз, полицейлеріміз бен құтқарушыларымыз.

Сонымен қатар көзге көріне бермейтін, бірақ орасан зор іс тындырып жүрген зауыт жұмысшыларына да, егістік алқабында тер төккен диқандарға да алғыс айтуымыз керек. Өмірде қиындыққа тап болған кез келген адамға көмек қолын созуға даяр тұратын еріктілердің де еңбегі құрметке әбден лайық. Бүгінгі күннің батырлары арамызда жүр, олар өте қарапайым жандар, өздері туралы жар салып, жария қылуды қаламайды. Сондықтан Алғыс айту күні бұл адамдардың еңбегін ескеріп, құрмет көрсетуіміз керек.

Біз еңбекте және шығармашылықта биік белестерді бағындырған, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген, қиындықты жеңе білген, алға қойған мақсатына нық қадам басқан жандарға риясыз көңілден алғыс айтамыз!

Көктеммен бірге келіп жеткен осынау мерекеде баршаңызға бақыт, әр шаңыраққа бақ-береке, амандық тілеймін. Алғыс айту күні елімізде бейбітшілік пен татулықтың, ұрпақтар сабақтастығының символына айналсын!

Даниал Ахметов,

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

 

Back to top button