Қоғам

КӨКӨНІС БЫЛТЫРҒЫДАН КӨП

Күзде облыстағы тұрақтандыру қорының қоймасына 7000 тоннадан астам көкөніс жиналмақ.

Биыл тұрақтаныдыру қорына жіберілетін көкөністердің қоры былтырғыға қарағанда біршама көп болады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараты бойынша, өңірдің тұрақтандыру қорына 4863 тонна картоп, 1200 тонна қырыққабат, 800 тонна сәбіз, 500 тонна пияз сақталмақ. Қазір тұрақтандыру қорының павильондарында қант 469 теңгеден,          тазартылған күнбағыс майы 630,        қарақұмық жармасы 420,  қырыққабат 120, картоп 190, сәбіз 240 теңгеден, пияз 285 теңгеден сатылып жатыр. Сонымен қатар қаланың бірқатар сауда нүктелерінде қант 540 теңгеден сатылуда.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button