Қоғам

Күн санап жүрмін елеңдеп, Қыркүйек қашан келер деп…

Күн санап жүрмін елеңдеп,  Қыркүйек қашан келер деп...

Тіл бітсе, сурет не дейді?

Өзге тұстастары жаздың ұзаққа созыла түсуін тілеп жүрсе, бұл балақай әлден мектепке қамдануда. Белдеуде байлаулы тұрған атқа да қарағысы жоқ. Тақымын атқа қажатқаннан гөрі арқасын кітап толы сөмкеге қажатқанды артық санайтын сияқты. Сәби жүрек оқудың инемен құдық қазғандай екенін сезбейді-ау, шамасы. Осындай текті ұрпақ барда Жәңгір хан, Ыбырай Алтынсариндерден қалған дала қоңырауының үні қазақ даласын әлі де тербей беретіні анық. Күздің қамын жазда ойлап жүрген қара домалақ күні ертең ел тізгінін ұстаған атқамінер болмасына кім кепіл? Сіздер де ой қосыңыздар, оқырман!

Күн санап жүрмін елеңдеп,
Қыркүйек қашан келер деп…
—————————–
—————————–

Осы айдарда

Back to top button