Білім

Күн райына байланысты сабақтан босатудың жаңа ережелері бекітілді

Күн райына байланысты сабақтан босатудың жаңа ережелері бекітілді

Облыстық білім басқармасы мен ТЖ қызметі оқушыларды ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтан босатудың жаңа нормативін бекітті. Жаңа ережелерге енген өзгертулер негізінен күн райының желді-желсіз болуына қатысты болды.
Егер бұған дейін бастауыш сынып оқушылары -28 градус аязда, желсіз күні сабақтан қалмау керек болса, жаңа ережелерге сай енді оқудан босатылады.
Облыстық білім басқармасы берген жаңа ережелердің кестесі төмендегідей.
Желдің жылдамдығы 2 м/с дейін болса:
-28 градус және төмен – 1-4 сыныптар;
-32 градус және төмен – 1-9 сыныптар;
-34 градус және төмен – 1-11 сыныптар, кәсіптік лицейлер, колледждер оқушылары сабақтан босатылады.
Желдің жылдамдығы 2 м/с артық болса:
-25 градус және төмен – 1-4 сыныптар;
-27 градус және төмен – 1-9 сыныптар;
-29 градус және төмен – 1-11 сыныптар, кәсіптік лицейлер, колледждер оқушылары сабақтан босатылады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button