Қоғам

Күн көсеммен кәртішкеге түскен аю

Күн  көсеммен кәртішкеге  түскен аю

Поперечное ауылының бос жатқан зәйімкесіне тапа-тал түсте қара аю қонаққа келді. Ауланы біраз аралаған жануар тақтайларға жатып дем алған көрінеді.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, түс әлетінде елді мекенге еркінсіп келген жас аю адамдарға мүлде назар аудармаған.
-Біздің зәйімкеге аюлар екі күннің бірінде келе бермейді. Адасқан аю оны қызық көрген туристер мен тұрғындардың жанына келіп, тіпті, фотосуретке түсірген кезде былқ еткен жоқ. Бір қызығы, аюға біздің аулада тұрған Лениннің мүсіні ұнап қалған сияқты, жануар пролетариат көсемінің алдына бір емес, бірнеше рет келіп, естелік суретке «түсіп» алды,- дейді ауыл тұрғыны Виталий Анищенко.
Виталий Анищенконың айтуынша, Алтай қорығы ашылғалы бері бұл өңірде аюлардың саны арта түскен. Айта кетейік, Ворошилов шыңының етегінде орналасқан Поперечное ауылына осыдан бірер жыл бұрын да аюлар келген көрінеді.
Тапатал түсте қонаққа келген төрт аяқтыны ауылдағы тәжірибелі аңшылар көліктерін от алдырып, дабыл қосып, жануарды орманына қарай қуып жіберді.

Томирис Агиянова

Риддер қаласы.

Осы айдарда

Back to top button