Экономика

Күн энергиясын қолданушыларға субсидия береді

Күн энергиясын қолданушыларға субсидия береді

Келер жылдан бастап ел Үкiметі ауыл шаруашылығы саласында күн энергиясын қолдану үшiн 50 пайыздық субсидия бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы «Astana Solar» ЖШС-нің бас директоры Вячеслав Советский мәлiм еттi.

– Келер жылы агросекторға қолдау күшеймек. Мемлекеттiк қолдаудың үлкен пакеттер жүйесi әзiрленген, үкiмет қаулысының бiрiнде дәстүрлi электр энергиясы жоқ жерлерде 5 киловаттық күннен қуат алатын шағын станциялар құрылысын жүргізуді субсидиялау көзделген. Субсидия көлемі 50 пайызды құрайды. Егер 5 киловаттық күн станциясын iске қосу шамамен 4,5 млн. теңгенi құраса, оның тең жартысы бюджеттен өтеледі. Бұл шаруа қожалықтарына көрсетілетін көмек, – дейдi В.Советский.

Естеріңізге сала кетсек, «Astana Solar» ЖШС – «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының 100 пайыздық еншiлес кәсiпорны. Ол мемлекеттiң қалпына келтiрiлетiн энергияға байланысты стратегиялық тапсырмаларын орындау мақсатында құрылған.

Осы айдарда

Back to top button