Оқиғалар

Көлік апаты көбейіп кетті

Көлік апаты көбейіп кеттіКейінгі уақытта көлік апаты көбейіп кетті. Облыстық жол полициясы басқармасының деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 400 жол-көлік оқиғасы болып, 49 адам көз жұмған, 508-і түрлі жарақаттар алған.

Бұл ретте мамандар әсіресе, екі дөңгелекті көліктердің қауіптілігін ерекше ескертеді. Оған да себеп жоқ емес, өйткені, жаз маусымы енді басталса да осы уақыт аралығында шағын мотоциклдердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Мұның басым бөлігі Өскемен, Риддер және Семей қалаларында болған.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button