Көкте көңіл көтеріп, ауруханадан бірақ шықты
Үйлену тойынан кейін көкке шыққан 27 адам тамақтан ұшынып, Өскеменнің ауруханаларынан бірақ шықты.
Алғашында осынша адам дәрігерлік көмекке жүгінсе, кешке қарай іш құрылысының мазасыздығына шағымданғандар саны 54-ке жеткен екен. Ең өкініштісі, олардың төртеуі балалар. Тойдан кейін топалаң тигендей, жаппай ауырғандардың барлығына гастроэнтероколит деген диагноз қойылған.
– Облыстық санэпидқадағалау департаменті бұл жағдай бойынша жедел шара қолданып, ұшыну ошағы неден болғанын тексеріп, кешенді түрде эпидемияға қарсы жұмыстар жүргізуде, – дейді Өскемен қалалық санэпидқадағалау басқармасының бастығы Михайл Дерябин. – Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесінде науқастардың біразы көше саудагерлерінен сатып алынған азық-түліктен уланғаны аян болып отыр.
Емдеуші дәрігерлердің айтуына қарағанда, тамақтан ұшынғандардың жағдайы орташа дәрежелі болып саналуда. Соған орай барлық уланғандар нақты кәсіби көмек алып жатыр.