Табиғат терезесі

Керқұлан, қабылан, жолбарыс азайып барады

Қызыл кітап

Қазақстанның Қызыл кітабына үш жануар енгізілді. Олар: жолбарыс, Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы және керқұлан (Пржевальский жылқысы). Бұл ақпарды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік-Батыс Азия қабыланы популяциясының әлемдегі жалпы саны 870-1300 бас аралығында. Қазақстанда Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында ғана кездеседі.

Ал Балқаш маңына Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Министрлік мәліметінше, оған 15 жылға арналған бағдарлама дайындалған. Бағдарламада аңның мекен ету ортасын дайындау, жолбарысты табиғатқа жіберу және бағдарламаның жүзеге асуын бақылау шаралары қамтылады.

Пржевальский жылқысы жабайы жылқылардың кіші түріне жатады. Ол сирек кездесетін жылқы тұқымдасы. Елде, шамамен, 10 шақты бас қана бар.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button