Қоғам

Кәріз суын өзенге құйып, қоршаған ортаны ластаған

Глубокое ауданы, Белоусовка кентіндегі коммуналдық мекеме кәріз суын өзенге құйып, қоршаған ортаны ластаған.

Тазарту құрылғыларына жөндеу жүргізілмеуі, мекеменің материалдық-техникалық жағдайының нашар болуы осындай жағдайға әкелген. Глубочанка өзеніне құйылып жатқан судан алынған сынаманы химиялық зерттеу барысында хлорид рұқсат етілген шекті деңгейден 1,4 есе, сульфат 1,5 есе, аммоний тұзы 33 есе, нитрит 4,4 есе және фосфат 12,1 есе асып кеткені анықталды дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Осы айдарда

Back to top button