Оқиғалар

Кеніште бір адам мерт болды

Шемонайха ауданындағы Артемьев кенішінде болған оқыс оқиғаның салдарынан бір адам қаза тапты. Опырылып құлаған тау жынысының бір бөлігі 34 жастағы жұмысшыны мерт қылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Кеніште бір адам мерт болдыТөтенше жағдай «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште кешке қарай болған. Жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде опырылып түскен тау жынысы сол жердегі бір кеншінің үстіне құлаған. Соның салдарынан жұмысшы тіл тартпай кеткен.

Оқиға орнына аудандық прокуратураның өкілдері, полиция қызметкерлері және құтқарушылар дереу жеткен. Қазіргі уақытта адам өліміне әкеліп соқтырған қауіпсіздік ережесінің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button