Экономика

Кен-металлургия жабдықтарымен қамтып отыр

Кен-металлургия жабдықтарымен қамтып отыр

Өскемендегі «Кен-металлургиялық жабдықтарды құрастыру бюросы» ЖШС «Востокмашзавод» кәсіпорнының машинақұрастыру кешенін қалпына келтіріп, өндіріске қажетті жаңа құралдар жобаларын жасауға кіріскелі отыр.

Алдын ала қабылданғалы отырған меморандум бойынша құрастыру (конструкторлық) бюросы зауытқа 300 млн. теңгенің жобасын әзірлемек.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында тау-кен, металлургия, ма-шинақұрастыру саласы кәсіпорындарын жаңа өнім түрлерін өндіруге керекті құрал-жабдықтардың жобалық-құрастырмалық, технологиялық құжаттарымен қамтамасыз етуге орай құрылған бюро бүгінгі күні «Қазцинк», «Қазақмыс», «Қазфосфат», «Тау-кен, Самұрық» компанияларымен, түсті металлургия институтымен бірлесіп жұмыс істеуде. Бюро инженерлері германиялық «ІРР» компаниясымен бірге Семей мен Астанадағы жылу-энергетика жүйелері құрылысының жобасын жасауға да қатысқалы отыр.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button